Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмолалық 30 студентке шәкіртақы тағайындалды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 08.09.2021 3246 0 пікір
Ақмолалық 30 студентке шәкіртақы тағайындалды

Нұр-Мүбарак университетіне ҚМДБ Ақмола облыстық өкілдігінің бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы арнайы келіп, студенттермен кездесті.

Ақмола облысының бас имамы шәкірттерге насихат айтып, дін жолындағы қызметтің жауапкершілігіне тоқталды. Сондай-ақ ақмолалық студенттерді имамның білім қуған жастарға берілетін әкімдік гранттары мен облыстық мешіт тарапынан тағайындалған бір жылдық шәкіртақы жөнінде хабары қуантты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап Ақмола облысының бас имамы дін жолында білім алушы аймақтық 30 шәкіртке 9 ай бойы 15 мың теңгеден шәкіртақы төлемек. Оның 12-сі Нұр-Мүбарак университетінің студенттері, ал қалған 18-і еліміздегі медресе-колледждерде білім алушы шәкірттерге тиесілі. Арнайы сертификатты студенттерге табыстаған Қуаныш Жұмабайұлы:

«Оқу, білім жолы өте жауапты әрі дін ілімін сіздер өздеріңізге емес, әуелі елге қызмет үшін үйренулеріңіз маңызды. Себебі қазір білімді дін мамандары ауадай қажет. Сондықтан осы жолда алаңдамай білім алсын деп бөлінген шәкіртақы сіздерге сәл де болса демеу болады деген үміттеміз» деп сенімін білдірді.

Шәкіртақы иелері арнайы комиссияның сараптауымен таңдалған. Бұл жөнінде облыстық мешіттің Діни білім бағытына жауапты маман Айдос Әсет жеткізді. Сондай-ақ пандемия кезінде онлайн оқу барысында уақыт тауып мешітке келіп қызмет еткен университет студенті Бақберген Хуандыққа арнайы алғыс хат табыстап, оны өзге студенттерге үлгі етті.

Ал университет оқытушысы Бауыржан Шайзан төрт жыл уақытты білім жолына тиімді пайдаланудың маңызына тоқтала келе, шәкірттерге жан-жақты қолдау жасап жатқан Ақмола облысынан келген қайырымды қонақтарға шәкірттер атынан да алғысын білдірді.

Басқосу соңында естелік суретке түсіп, еркін әңгіме студенттерге арналып жайылған дастархан басында жалғасты.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру