Семей өңіріне қарасты Мақаншы ауылдық орталық мешітіне бас имамы болып Сабанов Есбол Ерболұлы тағайындалды.
Ол – бұған дейін Мақаншы ауылына қарасты Бақты ауылдық мешітінің бас имамы қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкер. Ал бұрын бас имам болып қызмет атқарған Ұлан Жұмаханұлына ерен еңбегі үшін алғысын білдіріп, иығына шапан жапты. Үржар аудан әкімі Нұржан Тоқсейтов келіп, Ұлан Жұмаханұлына сый-сияпат табыстады. Жаңадан тағайындалған имамды
Мақаншы жамағатына Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің наиб имамы Ержан Исаханұлы таныстырып, қызметіне сәттілік пен береке тіледі.
Есбол Ерболұлы Сабанов
10.05.1990 жылы Шұбартау ауданы Сарғамыс ауылында дүниеге келген.
2014-2017 жылдары аралығында «Астана» медресе-колледжін оқып бітірді.
2017-2021 жыл аралығында Мақаншы орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
2021 жылы Бақты ауылына бас имам болды
2021 жылы мақаншы орталық мешітіне бас имам болып тағайындалды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
06.09.2021
3735
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру