Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Жергілікті жамағатпен жүздесті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 02.09.2021 2851 0 пікір
СҚО: Жергілікті жамағатпен жүздесті

Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Кенжетай Байкемелұлы шалғай жатқан Уәлиханов және Ақжар аудандарындағы ауыл-аймақтарға барып, жергілікті жамағатпен кездесу өткізді.

Сапар барысында өңірдің бас имамы жиналғандарға білім алудың абзалдығы мен вакцина алудың маңыздылығы жайында түсіндірді. «Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген жақсы сөз бар. Шариғатымыз да денсаулық мәселесінде әр аурудың шипасы бар екенін алға тартып, емделуге шақырады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат еткен. Сондықтан білім алуға ұмтылу қажет» деді Кенжетай қажы Байкемелұлы.

Мұндай кездесулер басқа елдімекендерде жалғасын табады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру