Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы орталық мешіті 50 баланы жаңа оқу жылына дайындады.
Қаладағы орталық мешіт осылайша дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына үн қосты. Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан іс-шара барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 50 оқушыға оқуға қажетті құралдар салынған мектеп сөмкелері үлестірілді.
«Жаңа оқу жылы да басталды. Осыған байланысты мектеп табалдырығын аттап, білім жолына түскелі жатқан балаларға қуаныш сыйлауды жөн көрдік. Аталмыш іс-шараға демеуші болып, қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Баршаларыңызға Алла разы болсын!» деді Естай Айтуғанұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
01.09.2021
3096
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру