Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» бөлімінің жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған сөмкені көпбалалы және жалғызбасты отбасындағы 116 мектеп оқушыларына көмек ретінде табыс етті.
Бұл игі шарада Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы бүгінгі өскелең ұрпақ – болашақ бастауы екендігін айтып, дәстүрлі түрде өтетін мектеп оқушыларына қолдау ретіндегі шараның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар білім алудың дініміздегі орны мен сауабы жайлы айта келіп, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі атынан биыл 700 отбасыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері үлестіретінін жеткізді.
Одан өзге бас имам қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Ал шара қортындысында ата-аналар: «Оқу жылы басталғанда отбасымыздағы 5-6 баланы киіндіріп, қажетті заттармен қамтамасыз етіп, мектепке дайындау мынандай қымбатшылық уақытында бізге аса ауыр. Осындай мешіт жанынан ұйымдастырылатын ізгі шаралар қашанда біздің жанымызға медеу болады. Сіздерге Алла разы болсын!» деп ақжарма тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
31.08.2021
3031
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру