Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Оқушыларға көмек көрсетті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 31.08.2021 3184 0 пікір
Алматы: Оқушыларға көмек көрсетті

Алматы қаласының «Көк-Қайнар-1» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті. 

Қайырымдылық шарасы барысында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мен «Көк-Қайнар-1» мешітінде дәріс алушы шәкірттерге, барлығы 30 оқушыға көмек көрсетілді. Оқушыларға мектепке қажетті заттар салынған сөмке және спорттық киімдер, спорттық аяқ киім берілді.  

Іс-шара барысында мешіт имамы Кенжебек Жапасұлы оқушыларға сәттілік тіледі. «Былтырғы оқу жылы барша оқушыларға ауыр кезең болды. Жаңа оқу жылында сабақты жақсы оқып, ата-ана үмітін ақтаңдар. Сендердің Отанымызға адал еңбек ететін, елімізді дамытуға, көркейту жолында аянбай тер төгетін азаматтар болатындарыңа сенеміз. Әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін әрі халқымыздың болашағын жарқын ететін буын болыңдар» деді Кенжебек Жапасұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру