Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ИХСАН КІТАБЫН ИМАМДАРҒА ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 27.08.2021 2938 0 пікір
БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ ИХСАН КІТАБЫН ИМАМДАРҒА ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

Ақмола облысына арнайы сапармен келген ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшымбаев Ақкөл қаласында дін қызметкерлерімен кездесіп, Бас мүфти жетекшілігімен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын таныстырды.

Бөлім меңгерушісі Ихсан жайлы кітапты имамдарға таныстыра келе, ондағы айтылар ой-тұжырымдардың астарына үңілді.

«Қазірдің өзінде бұл еңбектің өміршең мәселелерді терең талдауға арналғанына баға беріліп жатыр. Мұны рухани азық іздеген жандарға таптырмас еңбек деп айта аламыз» деді Қанат Мұқанғалиұлы.

Ал облыстың бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы:

«Елге дін насихаттаған адамның бойында білімнің бар қайнар көздері шоғырлануы керек. Себебі, діни білімін өмірдің өзегімен астастырып, насихатын айтатын адамға деген сұраныс қашан да болған, бола да береді. Ихсан ілімі өзекті де өнегелі тақырыптың бірі ретінде жамағатқа да жеткізілуі тиіс» деп атап өтті.

Ақкөл қаласында бас қосқан дін қызметкерлері осы кітаптың мән-маңызына тереңірек қанықты. Сондай-ақ имамдар тарапынан көп сауалдар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру