Ақмола облысы Бұланды ауданында орналасқан «Макинск» құс фабрикасында кезекті ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді.
Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев орындады.
«Макинск» құс фабрикасы – Орталық Азиядағы мұздатылған бройлер етін өндіру бойынша теңдесі жоқ кәсіпорындардың бірі. Ең үздік жабдық, ең үздік тәжірибе осында.
«Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған құс фабрикасы жылына 60 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Дайын өнімдер Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары, Нұр-Сұлтан қаласына тасымалданады. Кәсіпорында биоқауіпсіздік пен өндірістің экология талаптарын сақтау мақсатында жоғары технологиялық энергия үнемдейтін жабдықтар пайдаланылады. Бүгінгі тексеріс барысында құстардың жем-азығынан бастап, шариғатқа сай бауыздалуы, өңдеу, өндіру, сақтау, тасымалдау процесстері толықтай тексерілді» деген Айбек Асқарбекұлы аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін, бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін хабарлады.
Сонымен қатар, құс фабрика қызметкерлері мен қасапшыларына шариғат және халал стандарты талаптарына сай мал бауыздап, ет өңдеу бойынша біліктілікті арттыру оқу-семинары өткізілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
halaldamu.kz
27.08.2021
3330
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру