Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Мектепке жол» акциясы онлайн өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 27.08.2021 3444 0 пікір
Алматы: «Мектепке жол» акциясы онлайн өтті

Алматы қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» онлайн қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл игі шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, аудан имамдары мен мешіт қызметкерлері және еріктілер қатысты.

Қайырымдылық шара барысында сөз алған бас имам Төлеби Оспан білім алудың дініміздегі орны мен сауабы жайлы насихатын айтты. Елдің ертеңі болған мектеп оқушыларына қолдау ретінде өтіп жатқан шараның маңызына тоқталды. Сондай-ақ осы шара аясында қаладағы әлеуметтік аз қамтылған 1000 отбасыға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері үлестірілетінін жеткізді. Сөз соңында бас имам сауапты іске атсалысқан аудан мешіттерінің имадарына, қайырымдылық шарасы үшін қаражат жинауға атсалысқан блогер-вайнерлер мен кәсіпкер азаматтарға алғыс білдірді.  

Қашықтан өткен аталмыш акция аясында оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған мұқтаж отбасылармен қатар «Жусан» операциясымен елге оралған 30 отбасыға да көмек көрсетілді.

Бас имам бастаған қала имамдары мен еріктілер тегін жеткізу қызметімен отыздан аса автокөлікпен мектеп сөмкелерін мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізу үшін жұмылдырылды. Сөмкелерді жеткізіп беру шарасына Төлеби Оспанмен бірге белгілі блогер, актер Азим Саидбаев та қатысты.  

Балалардың жүзіндегі қуанышты көрген ата-аналар қайырымды жандарға шексіз алғыстарын айтты.

«Мектепке жол» қайырымдылық шарасын жоғары деңгейде өткізіп, мұқтаж жандардың алғысын алуда көмек көрсеткен жомарт жандарға Алла разы болсын дейміз.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру