Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол – 2021» қайырымдылық шарасы өтті.
Қаладағы 12 мешіт бойынша қайырымдылық шарасының ауқымы 1000-ға жуық отбасыны қамтып, осынша оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі таратылды.
Карантин шектеулеріне байланысты мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат мектеп сөмкелерін өтініш білдірген жандардың үйіне дейін жеткізіп берді.
Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға алғыс білдірді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
26.08.2021
3390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру