Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мұражай директорымен кездесті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 24.08.2021 2893 0 пікір
Маңғыстау: Мұражай директорымен кездесті

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Әбіш Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, тарихшы Сұлтанбек Жанболатұлымен кездесті.

Кездесу барысында бас имам дініміздің ғылым мен мәдениетке деген көзқарасын тілге тиек етіп:

«Ислам діні әрдайым білімді болуға үндеп, ғылым жолын қолдайды. Діни сенім, ғылым мен мәдениет сабақтасқан кезде ғана адамзат баласы үлкен жетістікке жететіні ақиқат» деді.

Өз кезегінде Сұлтанбек Жанболатұлы өлке тарихынан сыр шерте отырып:

«Маңғыстау – ертеден Ихсан ілімі дәріптелген өңір. Бекет атадан бастап Ержан хазіретке дейін көптеген тұлғалар өмір сүрген жер. Осы орайда, Ихсан іліміне қатысты тағылымды еңбектің шығуына мұрындық болған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыс айтамыз. Алла қаласа, осы рухани жолды қайтадан жаңғыртатын ғасыр келе жатыр. Соның арқасында қоғамымыз түрлі рухани індеттен арылады деген ойдамын. Осындай игі бастамалырыңыз берекелі болсын», деп болашақта тарихи-өлкетану мұражайының ішінен арнайы зал ашылып, ол жерде ата-бабамыздың дінмен қатар, ғылымды да терең меңгергендігінің, олардың дүниетанымын айшықтайтын құнды жәдігерлер қойылатын болады деген жоспарларымен бөлісті.

Сүбелі сұхбат барысында екі тарап халыққа ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені насихаттау бағытында бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Кездесу соңында, бас имам Маңғыстау өкілдігінің атынан тарихшыға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабын сыйға тартса, Сұлтанбек Жанболатұлы Әнуар Ізімбайұлына өзінің «Қырық билі Қырымқұл» атты еңбегін сыйлады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру