Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Мешітте «Ashyq» қосымшасы іске қосылды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 10.08.2021 3387 0 пікір
СҚО: Мешітте «Ashyq» қосымшасы іске қосылды

Карантин талаптарын сақтау мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Ashyq» қосымшасы орнатылды.

Енді СҚО орталығы Петропавл қаласындағы «Ashyq» қосымшасы бар мекемелердің қатарына облыстық мешіт қосылып отыр.

Бұған дейін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚазАқпарат порталына берген сұхбатында елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешіттердің де біртіндеп Ashyq жүйесіне қосылатынын тілге тиек еткен болатын.

Ал бұл салаға жауапты мекемелер «Қызылжар» орталық мешіті карантин талаптарын қатаң сақтап, барлық ережелерге бағынып, заң аясында қызмет атқарып отырғандықтан «Ashyq» қосымшасына қосылғанын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру