Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: «Ақида һәм Ихсан тағылымы» семинары өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 30.07.2021 2866 0 пікір
Шымкент: «Ақида һәм Ихсан тағылымы» семинары өтті

Бүгін Шымкент орталық мешітінде «Ақида һәм Ихсан тағылымы» атты рухани-танымдық діни семинар ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы, наиб имамдар Мұсабек Ақтамберді мен Мұхамеджан Естеміров, «Халал Дамудың» шаһардағы бақылаушы өкілі Қазыбек Сарыбаев, «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының имамдары қатысты.

Рухани-танымдық семинарды бас имам Бақдаулет Нұрматұлы ашып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында қолға алынған жұмыстарды саралай келе, рухани тәрбие бағытында атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, семинар барысында әйгілі Әл-Азһар университетінде тәлім алған ЖАНТ мүшесі, Шымкент орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан қари Мамедалиев арнайы «Ақида һәм Ихсан тағылымы» тақырыбы аясында дәріс оқып, қажетті тың мағлұматтарымен бөлісті.

Рухани-танымдық шара соңында барлық қатысушыларға Ихсан іліміне байланысты ҚМДБ тарапынан берілген жұмыс жоспары түсідірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру