Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Дін істері басқармасы басшысымен жүздесті

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 29.07.2021 2699 0 пікір
Талдықорған: Дін істері басқармасы басшысымен жүздесті

Бүгін Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Данағұлов Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалған Бауыржан Амангелдіұлымен кездесті.

Өткен жұмада Бас мүфти бұйрығымен Жетісу өңіріне бас имам болып тағайындалған Алмас Сағидоллаұлы облыстық дін істері басқармасына жаңадан басшы болып келген Бауыржан Амангелдіұлын құттықтап, ісіне сәттілік тіледі.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық меморандум негізінде алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстардың жай-күйі талқыланып, бірқатар мәселелер жөнінде ұсыныстар айтылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру