Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

akorda.kz 20.07.2021 3407 0 пікір
ПРЕЗИДЕНТ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айтпен құттықтады. Президент құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

 

Ардақты ағайын! 

 

Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қайырымдылық пен жанашырлық, ізгілік пен имандылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мейрам.

Салт-дәстүрімізбен берік ұштасқан ата дініміз – елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі.

Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке үндейді. Ел азаматтарын бауырмал болуға шақырып, бүкіл халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады.  

Мұсылман баласы бұл күндері отбасы амандығы мен ел тыныштығы үшін құрбандық шалып, жоқ-жітікке көмектеседі, мұқтаж жандарға қамқорлық танытады. Осындай ізгі ниет пен сауапты іс ел-жұрттың бір-бірімен етене араласуына, өзара сыйластық пен жақсылыққа жол ашады.   

Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің рухани құндылықтарымызбен үндеседі. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы осында деп білемін. 

Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!  

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру