Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе имамдары Құрбан айтқа дайындығын пысықтады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 19.07.2021 2174 0 пікір
Ақтөбе имамдары Құрбан айтқа дайындығын пысықтады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Құрбан айтқа орай қала, аудан бас имамдарының қатысуымен онлайн және оффлайн жиналыс өтті.

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы дін қызметкерлеріне биылғы Құрбан айт мейрамының өту форматын кеңінен түсіндірді. Діни басқарманың шешімімен құрбандық шалу рәсімдерінің онлайн өткізілуіне байланысты жергілікті қасапханалар және мал соятын орындармен келіссөздер жүргізіліп, жергілікті әкімшіліктер тарапынан қолдау болатынын айтты.

Сондай-ақ, жауапкершілігі мол үлкен іс-шараға еріктілер мен мешіт жамағатын жұмылдырып, аталмыш қасиетті күндерде барынша ыждағатпен қызмет атқаруға шақырды.

Сонымен қатар, бас имам Серікжан Еншібай Ақтөбе қаласы бойынша құрбан айт күндері құрбандық шалынатын орындардың дайындығын тексеріп, санитарлық талаптардың орындалуын алдын-ала қадағалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру