Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Науырзым оқушылары дән риза

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 14.07.2021 2569 0 пікір
Қостанай: Науырзым оқушылары дән риза

Қостанай облыстық Марал ишан мешітіндегі жүзеге асырылған жарқын істер өзге имандылық ордаларына өнеге болды. Осындағы игі жұмыстарды басшылыққа алған Науырзым ауданының имамдары да мектеп оқушыларының жазғы демалысын барынша тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Мысалы, осы кезге дейін жалпы 87 бала дәріс алып, білімдерін шыңдады. Таратып айтатын болсақ, Шилі ауылында 17, Дәмді ауылында 35, аудан орталығы Қарамеңдіде 20 бала зейінділік танытты. Мешіттердегі ұстаздар оларға алғашқы күндерден бастап тиянақты да, терең ілім беруге тырысты.

Дәріс барысында шәкірттерге Құран әліппесі, Сира (Пайғамбар өмірбаяны), Сенім мәселесі, Исламдағы 100 сұраққа қатысты оқытылды. Осылайша, талапкерлер көпшілікке мәлім ислам әдебін жан-жақты меңгерді.Сондай-ақ тағлымы мол салауаттар мен дұғаларды жаттап, таным көкжиектерін кеңейтті.

Оқушылар бос уақыттарында рухани жан дүниелерін байыту мақсатында болашақта ұмытылмас өнеге, эстетикалық мәні зор құңдылықтарды бойларына сіңірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру