Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде сауат ашу курсы басталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 07.07.2021 3224 0 пікір
Өскеменде сауат ашу курсы басталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде оқушылардың жазғы демалысына орайластырылған жазғы сауат ашу курсы басталды.

«Иман әліппесі» жазғы сауат ашу курсында өкілдіктің білікті ұстаздары дәріс беріп, шәкірттерге имандылық, адамгершілік құндылықтарымен қатар алғашқы сатылы діни білім үйретілуде. Жазғы курс барысында карантин ережесі қатаң сақталып отыр. Сонымен қатар бекітілген ережеге сәйкес тек ата-анасынң келісімі арқылы ғана оқуға қабылдануда. Қазіргі уақытта бұл курста 53 шәкірт білім алуда.

«Иман әліппесі» курсы жайлы: «Шәкірттералғашқы күннен бастап оқуға аса ынталы, белсенді қатысуда. Ата-аналары олардың жақсы білім алуныа мүкіндік тудырып, сенім артып отыр. Шәкірттерге мешіт тарапынан барлық жағдай жасалған.Шектеу талаптары қатаң сақталуда» дейді «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Серік Жұмашев.

Шәкірттерге иман негіздері, әдеп, Құран әліппесінен дәріс берілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру