Ақтөбе қалалық орталық мешітінде дін негіздерін үйрететін сауат ашу курсы 7-12 жас аралығындағы балаларды қабылдап, жұмысықа кірісті.
Жазғы демалыс уақыты балалар үшін қайырлы әрі пайдалы өтуі үшін өңірде «Имани жаз» сауат ашу курсы қолға алынған болатын.
Құран әліппесі, сенім, мінез-құлық тәрбиесі сынды пәндерден Ақтөбе қалалық мешітінің ұстаздары дәріс беріп қана қоймай, танымдық ойындар мен қызықты сабақтар жүргізетін болады. Балалар білім алумен қатар, спорт сайыстарына қатысып, Ақтөбе қаласының көрікті жерлеріне шағын экскурсия жасайды.
Қазіргі уақытта 60-қа жуық оқушы ер және қыз бала тәлім алуда.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
07.07.2021
2952
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру