Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз қаласына жаңадан бас имам тағайындалды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 02.07.2021 5110 0 пікір
Тараз қаласына жаңадан бас имам тағайындалды

Бүгін қасиетті жұма күні Тараз қаласына жаңадан бас имам тағайындалды.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ресми іс-шараға арнайы қатысып, жамағат алдында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Көпшілікке жаңадан тағайындалған «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбековті таныстырды.

Облыс имамы бұл уақытқа дейін Тараз шаһарының бас имамы қызметінде  болған Амантай Садиевке алғыс хат табыстады. Өңірге сіңірген еңбегін тілге тиек етіп, білім жолына сәттілік тіледі. Ал жаңа қызметке келген маманға жемісті жұмыс тілеп, игі ниетін білдірді.

Айта кетейік, Орынбасар Дәуренбеков Шымкент қаласындағы «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігінің Араб тілі және тәрбие ісінің қызметкері, Шымкент қалалық №52 мектептің араб тілі мұғалімі, ҚМДБ Бас мүфтидің көмекшісі, Алматы қаласындағы «Таугүл-3» мешітінің мен Алатау ауданындағы «Бекет ата» мешітінде бас имам қызметтерін атқарған. Ислам институты мен «Нұр-Мүбарак» университетін бакалавр және магистратура бойынша тәмәмдаған исламтанушы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру