Түркістан облысындағы Жетісай аудандық Нұғман мешітінде «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға қатысқан аудан имам-молдалары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын жамағатқа насихаттау, құжатта көтерілген мәселелерді жүзеге асыру бойынша ойларын ортаға салды. Сонымен қатар діни оңалту жұмыстарын жандандыру, онлайн уағыз-насихат іс-шараларын күшейту, жарты жылдық есепті қорытындылау сынды мәселелер қаралды.
Жиында аудан имамы Жорабай Дулатбаев «Жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру», «Имамның тұлғалық келбетін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, имамдарға нақты тапсырмалар берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
02.07.2021
2901
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру