Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: «QURBAN2021» жобасы пысықталды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 02.07.2021 2158 0 пікір
Ақмола: «QURBAN2021» жобасы пысықталды

Ерейментау қаласында бас қосқан Ақмола облысының аудан және қала имамдары Құрбан айтта ұйымдастырылатын «QURBAN2021» жобасын талқылады.

Бас имам Қуаныш Жұмабайұлы аймақтың қандай жолақта болуына байланысты діни рәсімдер де соған орайластырылып жасалатынын айтты. Бас мүфти бастамасымен биыл онлайн сияқты офлайн тәртіпте де өткізу мүмкіндігі қарастырылмақ. Соған орай бас имам дін қызметкерлерінің де дайын болулары керектігін баса айтты.

Ең бастысы, құрбанға шалынатын малдардың етін мұқтаждарға таратуды оңтайлы шешіп, ұйымдастыруға баса назар аударылатыны тілге тиек етілді.

Имамдар алда келе жатқан Құрбан айт мерекесін тағылымды өткізуге бас күштерін салатын болып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру