Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 02.07.2021 2291 0 пікір
Қостанай: БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

Осы апта Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен басталды. Соған орай Қостанай облыстық мешітінде тынбай ізденіп, өздерінің кәсіби шеберліктерімен көзге түсіп жүрген БАҚ саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хаты өңірге белгілі журналист, баспасөз хатшысы Оразалы Отынбайұлы мен Қостанай облыстық мешітінің аппарат жетекшісі Қанат Орынтайұлына берілді.

Ал облыстық «QOSTANAI» телеарнасының «Иман иірімі» бағдарламасы ұжымы атынан Ербол Ипбергенов те Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, өз саласының білікті маманы, фототілші Бағдат Ахметбеков те Қостанай облысы бас имамының алғыс хатына ие болса, тағылымды жүздесуде Бахытбек Тәжімбет жиналғандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру