Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 02.07.2021 1810 0 пікір
Түркістан: ЖАНТ мүшелеріне арналған семинар өтті

Түркістан облысында дін мен дәстүр сабақтастығы, діни оңалту, Ихсан ілімін насихаттау қарқынды жүріп жатыр. Қазығұрт ауданында ЖАНТ мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті.

Оған облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов пен РАНТ мүшесі Дастан Желеуов арнайы қатысып, теология бойынша дәріс оқыды.

Сондай-ақ дін мен дәстүр бағытында «Қымызмұрындық» іс-шарасы ұйымдастырылды. Қазығұрт, Сарыағаш, Келес ауданының ЖАНТ мүшелеріне облыстың наиб имамы Самат Анарбаев қымызмұрындық рәсімінің жөн-жосығын түсіндірді. Тұрбат ауылындағы «Исмайыл ата» мешітінде «Дархан дала» және «Зират және зиярат мәдениеті» атты екі семинар өтті. Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов бұл іс-шаралар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, ҚМДБ бастамаларын қолдауға және жүзеге асруға бағытталғанын айтты.

Облыс имамы «Исмайыл ата» мешітінің жанынан салынып жатқан оқу корпусының құрылысымен танысты. Семинар соңында имамдар арасында қол күресі мен кір тасын көтеруден кішігірім турнир ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру