Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Бас имам БАҚ өкілдерімен жүздесті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 02.07.2021 2254 0 пікір
Алматы: Бас имам БАҚ өкілдерімен жүздесті

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан БАҚ өкілдерімен жүздесіп, оларды өткен байланыс және ақпарат қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады. 

Ақ дастархан басында бас имам БАҚ өкілдеріне дініміздегі сөздің қадірі мен жақсы сөздің жанға дауа екенін, қаламгердің жауапкершілігі мен қоғам алдындағы орны туралы айтты. Сонымен қатар, ҚМДБ Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жарық көрген «Ихсан рухани тәрбие негізі» кітабын таныстырып өтті. Сұхбат барысында Бас имам Діни басқарманың 2021 жылға арналған бағдарламаның 7 бағытына (ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс) кеңінен тоқталды. Сондай-ақ журналисттердің төл мерекелеріне орай, арнайы әзірленген сыйлықтарды тарту етті.

БАҚ өкілдері қаланың бас имамымен емін-еркін сұқбаттасып, ұсыныс-пікірлерін ортаға  салды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру