Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабралиев өңірлік мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Шыңғырлау ауданында болды.
Бас имамның өңір мешіттеріне сапары Бәйтерек, Жаңақала аудандарынан бастау алды. Аудан әкімі Әлия Беғазықызы облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан имамы Еламан Тимурұлын арнайы қабылдап, ел аумағындағы діни ахуал жайында сөз болып, бірлесе қызмет етуге шақырды. Аудан әкімі Әлия Беғазықызы жаңа тағайындалған Еламан Баядилді жаңа қызметімен құттықтап, асыл дінімізді насихат, имандылық жолына сәттілік тіледі.
Облыс имамы Шыңғырлау аудандық мешітіне арнайы келіп, жиналған қауыммен жүздесіп, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, бесін намазын жамағатпен бірге оқыды.
Жамағат өздерінің толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
09.06.2021
3030
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру