Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бауыржан Мейірбекұлы ҚМДБ-нан берілген арнайы тапсырмасы бойынша кеңес өткізді.
Жиында ҚМДБ Ғұламалар кеңесі бекіткен жаңа пәтуалар мен нұсқауларды облысқа қарасты дін қызметкерлеріне таныстырды. Атап айтқанда, «Баланы қамқорлыққа алудың үкімі қандай?»,«Екпе егуге бола ма?», «Төлем карталарын пайдалануға рұқсат па?» тақырыбындағы пәтуалар дін қызметкерлеріне толығымен таныстырылды.
Жиын соңында имамдар мен ұстаздар жаңа пәтуалармен танысты. Өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, сұрақтар бойынша тұшымды жауаптар алды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
06.04.2021
3029
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру