Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 451 отбасыға көмек берілді

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 28.02.2021 2045 0 пікір
Қостанай: 451 отбасыға көмек берілді

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы «Зекет және қайырымдылық қоры» өкілдігі әрқашан өңірдегі көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, жұртшылықтың шынайы алғысына бөленуде. Жуырда облыстағы әлеуметтік жағынан көмекке мұқтаж 451 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік және отын-көмір үлестрілді.

– Біздің қор алдағы уақытта да жұмысын барынша жандандыра түседі. Қазіргідей қиын кезде күнкөрісі төмен шаңырақ иелерінің қасынан табылып, олардың жүздерінен қуаныштың нышанын көру әрбір парасатты азаматтың басты міндеті деп есептеймін, - дейді облыстық мешіттің наиб имамы әрі «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілі Бақытжан Икрам.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру