Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдардың діни семинары өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.01.2021 2060 0 пікір
Шымкент: Имамдардың діни семинары өтті

Елордада өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Әдеп кеңесі құрылған болатын. Осы бастаманы қолдау мақсатында Шымкент қаласы Жастар ресурстар орталығы ғимаратында «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» атты кеңейтілген діни семинар өтті.

Игі шараны Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Жиында Шымкент орталық мешіті жанынан құрылған Әдеп кеңесіне елге белгілі, көпжылдық тәжірибесі бар имамдар іріктеліп алынды.

Кеңес жетекшілігіне қала имамының кеңесшісі, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар Әміре, жауапты хатшысы болып наиб имам Мұхамеджан Естеміров бекітілді.

Шара барысында қаладағы мешіт имамдарына діни рәсімдерді атқару барысында әдеп пен тәртіпті орындау түсінділіп, ҚМДБ тарапынан бекітілген «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» құжаты таныстырылды.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру