Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Діни сұрақ қоюшылар көбейді

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 20.01.2021 2109 0 пікір
Павлодар: Діни сұрақ қоюшылар көбейді

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ең маңызды бағытының бірі – пәтуа беру, яғни мұсылмандардың кез-келген діни сұрағына мардымды жауап беру.

Осы бағытта Шариғат және пәтуа бөлімінің 19 өңірден Пәтуа беру өкілдігі ашылып, әр өкілдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында сұрақ-жауап айдары жолға қойылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚМДБ-ға және оған қарасты 19 өкілдікке 47 мыңнан астам діни сұрақ келіп, барлығына тиісті жауап берілді. Қойылған сұрақтардың ең көбі Павлодар өңіріне тиесілі болды.

Павлодар Пәтуа өкілдігінің жетекшісі Елбек Тасболатұлының хабарлауынша, өкілдік жыл бойы 724 сұраққа жеке кездесу арқылы, 766 сұраққа телефон шалу арқылы, 4039 сұраққа сайт және әлеуметтік желілер арқылы, барлығы 5529 діни сұраққа жауап берді.

Еске сала кетейік, Павлодар өкілдігіне қарасты Mazhab.kz сайты мен оның әлеуметтік желілердегі парақшалары жергілікті жұртшылыққа қызмет етіп келеді. Сонымен қоса облысқа қарасты сұрақ-жауапқа арналған «Әһлі сунна» уатсап тобы және «Пәтуа_кз» телеграм тобы діни сұрақтарға жауап береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру