Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Мешіті қызметкерлеріне құрмет

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 13.01.2021 2274 0 пікір
ШҚО: Мешіті қызметкерлеріне құрмет

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық «Ақтас» мешітінде қызмет атқаратын дін қызметкерлеріне қайырымдылық жасалып, аудан мешіті атынан алғыс хат табыс етілді.

«Мешітімізде абыройлы адал қызмет етіп келе жатқан имамдарымызбен қызметкерлерімізге қайырымдылық жасап, ізгілік жолындағы істеріне алғыс білдіріп отырмыз. Карантин уақытында мешіт қызметкерлерін қолдап, оларға қайырымдылық көмегін көрсетіп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау – біздің парызымыз» деп атап өтті «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбет.

Ол діни қызметтің мәртебесі мен беделі туалы айта келіп, қызметкерлерге асыл дінімізді насихаттаудағы ерен еңбектеріне алғыс айтып, қайырымдылық пакетін және алғыс хат табыс етті. Мешіт қызметкерлеріне азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Қайырымдылық барысында карантин талаптары сақталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру