Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Кеншілерді еске алды

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.01.2021 2375 0 пікір
Қарағанды: Кеншілерді еске алды

2008 жылдың қаңтарында Қарағанды облысы Абай ауданындағы Абай шахтасында жарылыс болып, 30 кенші дүниеден озған еді. Сол оқиғаның елімізге қаралы күн болып енгізілгеніне он үш жыл толып отыр.

Марқұм болған кеншілерді еске алып, рухына Құран бағыштау мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов және қала имамы Аманбол Рымқұлұлы марқұмдардың қабірін зиярат етті. Сондай-ақ еске алу шарасында марқұмдардың туыстары мен жора-жолдастары және «Арселор Миттал Темиртау» АҚ басшылары қатысты.

Айта кетейік, ел үшін қажырлы еңбек етіп, бейнетпен келген нанның дәмін татып жүрген бүгінгі кеншілердің қызметі – нағыз адал жұмыс. Бірнеше шақырымдық жер астына түсіп, денсаулығы мен өмірін бәйгеге тіккен кеншілер көптеген қиындықтарды артқа қалдырып, қара алтынды маңдай терімен өндіреді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру