Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

341-баспана Шәуілдір кенті тұрғынына берілді

zeket.online 10.01.2021 2638 0 пікір
341-баспана Шәуілдір кенті тұрғынына берілді

«Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы – ҚМДБ бастамаларының бірегейі. Былтыр республика бойынша 142 баспана мұқтаждардың игілігіне берілсе, оның 36-сы – Түркістан облысының үлесінде.

«Зекет» қорының жетекшілері мен имамдар игі істердің ұйытқысы болудан жалықпай келеді. Нәтижесінде тағы бір үй егесін тапты.

Жоба аясында «Зекет» қорының 341-баспанасы Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір кентіндегі тұрмысы төмен көпбалалы Жұмашевтар отбасына бұйырды. Баспананы жергілікті жомарт жандар жылу жинап алып берді.

Айта кетейік, бұл – «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша Отырар ауданында берілген 11-үй.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру