Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Азаншылар жарысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 23.11.2020 2751 0 пікір
Түркістан: Азаншылар жарысы өтті

Түркістан облысының Созақ аудандық орталық мешітінде азаншылар жарысы өтті.

Қатысушылар махраж, тәжуид, қырағат бойынша сынға түсті. 10 ауылдан 17 азаншы бақ сынады.

Бірінші орынды жеңіп алған Талғат Созақбайға кіші қажылыққа жолдама берілді. Ал екінші және үшінші орындарды иеленген Рамазан Саханұлы мен Ұлықсат Һарун-Рашид қаржылай сыйға ие болды. «Ерекше дауыс иесі» номинациясы Махмуд Шоновқа бұйырды.

Аудан имамы Мейрамбек Әбдіқұлов азаншылардың еңбегі үшін ҚМДБ Төрағасының атынан ризашылығын білдіріп, жарыстың жалғасты болатынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру