Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Зайсан мешіті көпір салып берді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.10.2020 2672 0 пікір
ШҚО: Зайсан мешіті көпір салып берді

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай 30 көпір салу және 30 құдық қазу шаралары Өскемен өңірінде де қарқынды жүріп жатыр.

«30 көпір» акциясының аясында «Зайсан аудандық мешіті» Зайсан қаласындағы жаяу жүргіншілерге арналған 2 шағын көпірді күрделі жөндеуден өткізіп берді.

Көпірдің ашулыу рәсіне Зайсан қаласының ақсақалдарымен тұрғындар қатысып, ақ шашу шашып, ізгі тілек айтылды.

Зайсан ауданының бас имамы Нұрболат Әметұлы көпірдің ашылу рәсімінде сөз сөйледі. Бас имам: «ҚМДБ ның 30 жылдығына орай Бас мүфти хазірет көпір салу және құдық қазу туралы игілікті бастамасын қуана қолдап, қаламызда іске асырып жатырмыз. Зайсан қаласы барлығымыздың құтты мекеніміз. Өз жерімізді көркейтуге үлес қосу бәріміздің азаматтық борышымыз. Исламда көпір салу аса сауапты іс болып есептеледі» деп айырықша атап өтіп, қала халқының игілігіне ұсынды.

Жиында сөз алған қала тұрғындары мешіттің игі ісіне қолдау білдірді. Аудан әкімдігі атынан ел игілігі үшін игі іс атқарған аудандық мешітке алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру