Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Имамның игі бастамасы

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 22.09.2020 3014 0 пікір
БҚО: Имамның игі бастамасы

Жақында Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев ардагерлер үйінде аудандағы зираттарда қабірдің құбылаға қарап жататын бағыты өзгеріп кеткендігі туралы айтып, жиын өткізді.Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләззат Абдолова мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Басқосуда бас имам зираттардың басына құбыланы көрсетіп тұратынын тақтайша орнатылғанын және зираттың қай бағытта қазылуы мен мүрденің орналастыру тәртібін экраннан бейнекөрініс арқылы көрсетіп, түсіндірді.

Жиынға қатысқандар тарапынан имамға әртүрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Нақтырақ айтсақ, зират маңына үйшік(будка) пен әжетхана керектігі, соңғы уақытта жаназадағы бәсекелестік, аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу турасындағы ұсыныстар тыңдалып, алдағы уақытта осыны аудан тұрғындарының қаперіне жеткізу қажеттігі айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру