Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жаңа бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Aqtòbe телеарнасында қонақта болып, «Иман нұры» хабарына қатысты.
Нұрлыбек Шәкизадаұлы «Көркем мінез» тақырыбындағы мазмұн-мағыналы әңгіме өрбітіп, журналист Есет Қаниевтің сұрақтарына жан-жақты жауап қайтарды. Сұхбат барысында асыл дініміздегі көркем мінездің маңызы мен оның қоғамдағы алатын орны турасында кеңінен сөз болды. Сонымен бірге студия қонағы Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезінің ерекшелігіне тоқталып өтті.
«Иман нұры» хабарының бұл түсірілімі Aqtòbe телеарнасында алдағы 20 тамызда эфирге шығады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
05.08.2020
3305
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру