Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚХА Құрбан айт мерекесімен құттықтады

assembly.kz 01.08.2020 187 0 пікір
ҚХА Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

«Барлық мұсылман қауымы мен қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Айтулы мейрам – елдің ынтымақ-бірлігін күшейтіп, қайырымдылық қасиеттерді, достық қарым-қатынастарды арттырады.Бауырластық пен қамқорлық танытуға үндейді, татулықты ту еткен түрлі этностарды біртұтастыққа жұмылдырып, конфессияаралық қатынастарды нығайтады.Ауызбіршілік пен келісімге шақырады. Кембағалдарға қамқорлық пен қолдау көрсетіліп, ізгі амалдар жасалады» делінген құттықтауда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы айт күндері республикалық деңгейде «Мың алғыс» қайырымдылық акциясын қолға алмақ. Барлық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдары коронавируспен күресіп, алғы шепте жұмыс атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға және олардың отбасына көмек көрсетіп, ризашылық білдіреді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі