Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Сақтық шаралары онлайн түрде пысықталды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.07.2020 314 0 пікір
Ақтөбе: Сақтық шаралары онлайн түрде пысықталды

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі еліміздегі карантинге байланысты 4 маусым күні дін қызметкерлерінің қатысуымен онлайн жиын өткізді.

Облыстың бас имамы Төлеби қажы Оспан мемлекеттік комиссияның елімізде 14 күндік шектеу шараларының жариялауына байланысты имамдарға арнайы тапсырмалар беріп, діни басқарманың құдайы ас пен жаназа рәсімдерін өткізуге байланысты жасаған мәлімдемесін кеңінен таныстырды. Діни рәсімдердің өткізілу тәртібіне қатысты талаптар мен ережелерді халық арасында насихаттауды нақтылап, дін қызметкерлерінің денсаулығын сақтау басты назарда болу керектігі ескертілді.

Жаназа шығару барысында індеттің таралуының алдын алу мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҚМДБ-ның «Қауіпті жұқпалы індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты пәтуаны» басшылыққа ала отырып жүргізілу керек. Сондай-ақ, Ақтөбе мешіттерінің есіктері екі аптаға жабылып, тек азан шақырумен шектеледі. Дін қызметкерлеріне тазалық шараларын қатаң түрде сақтау керектігі ескертілді. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында діни рәсімдерді атқаратын арнайы имамдар жасағы құрылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі