Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Аудан имамдары бас қосты

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.06.2020 2622 0 пікір
БҚО: Аудан имамдары бас қосты

ҚМДБ-ның жыл басында берілген тапсырмаларының орындалу барысын пысықтау мақсатында Орал орталық мешітінде жиын өтті.

Жиынға Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Қыстаубаев бастаған орталық мешіттің дін қызметкерлері мен аудандық мешіттердің бас имамдары қатысты.

Облыс имамы Мұратбек Мұхтарханұлы өз сөзінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен атқарылған игі істерге тоқталып, қасиетті Рамазан айындағы атқарылған шаралар мен жартыжылдықтың есебі берілді.

Басқосу барысында ҚМДБ және Орал орталық мешіті тарапынан берілген онлайн дәрістер, тазалық жұмыстары, басылымға жазылу т.б тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ ҚМДБ-ның 30 игі шарасы, мешіттің ішкі-сыртқы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағартушылық және шаруашылық жұмыстарын жандандыру жағы да назардан тыс қалмады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру