Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Үш отбасы баспаналы болды

Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі 23.05.2020 2519 0 пікір
Талдықорған: Үш отбасы баспаналы болды

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы соңғы жұмасында ҚМДБ-ның Талдықорған өңіріндегі орталық «Иман» мешітінде «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы арқылы үш мұқтаж отбасыға баспана берілді.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 213-баспана Алакөл ауданы Үшқайың ауылының тұрғыны 5 балалы Айнұр Нұрғизатқызына, 214-баспана Ақсу ауданы Көшкентал ауылының тұрғыны 3 балалы жалғызбасты ана Кенжегүл Жексембайқызына, 215-баспана Көксу ауданы Көксу бекетінің тұрғыны 2 балалы жалғызбасты ана Айжан Берікқызының отбасына бұйырды.

Баспана кілттерін қуаныш иелеріне Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының майталмандары Кендебай Темірбайұлы мен Алмахан Кенжебекова һсалтанатты түрде табыс етті.

Әлімғазы ақсақал жиналған қауымға ақ батасын беріп, Кендебай аға мен Алмахан апамыз жалпы қауымды жігерлендірер жақсы сөздер айтып, осындай игі іске мұрындық болып жүрген Діни басқарма өкілдері мен қайырымды жандарға ақ тілегін жаудырды. Баспанаға қол жеткізген жалғызбасты аналар да қалың жұртқа алғыс айтып, өздеріне табысталған сый-сияпатқа риза болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру