Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 350 отбасыға азық-түлік үлестірді

«Байкен» мешіті 09.05.2020 2394 0 пікір
Алматы: 350 отбасыға азық-түлік үлестірді

Қасиетті рамазан – мейірім мен берекет айы. Осы айда жасаған әрбір ізгі амалға еселеніп әжір-сауап жазылады. Рамазан айының аяқ басуымен қайырымдылық іс-шаралары Алматы қаласы мешіттерінде де өз жалғасын табуда.

Мегаполисте қайырымдылық шаралары үзіліссіз жалғасып жатыр. Игі бастаманың қанат қағуына шаһардың аудандарындағы мешіттер де айрықша үлес қосуда.

Мәселен, Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевтың ұйытқы болуымен әлемді жайлаған пандемияға байланысты елдегі төтенше жағдай жариялануына орай қасиетті Рамазан айында ауызашар орнына 350 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Игілікті шара «Байкен» мешітінде ұйымдастырылып, Рамазан сыйлығы ретінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру