Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Имамдар Құран хатым дұғасын жасады

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі qalam.kz 01.04.2020 3362 0 пікір
ШҚО: Имамдар Құран хатым дұғасын жасады

Әлемге таралған коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкерлеріне Құранды үздіксіз хатым етуді үндеген еді.

Осы ізгілік бастамасын ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы бастаған шығыстың имамдары қолдап, үндеуге үн қосты.

Шығыс Қазақстан облыстық  «Халифа Алтай» мешітінде Құран хатым етіліп, Отанымыздың бейбітшілігі мен еліміздің аман-саулығы үшін дұға жасалды.

Имамдар еліміз осынау індеттен аман құтылып, сырқаттардың тезірек сауығып, елімізге мамыражай берекелі күндердің тезірек оралуын тіледі.

Өңірде еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Құран аяттары төтенше жағдай аяқталғанша оқыла береді деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру