Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде әлемді жайлаған коронавирус дертіне байланысты арнайы мамандар шақырылды.
Онда мешіттің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиевтің қадағалауымен дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Атамыз қазақ «сақтықта қорлық жоқ» деп босқа айтпайды. Осындай қиын кезде халқымызға ауызбірлік, ынтымақ қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз тазалық пен сақтыққа ерекше мән беріп, бір-бірімізден көмегімізді аямауымыз қажет.
Бұдан басқа мешітте күнделікті тазалық жұмыстары да қатаң бақылауда. Ал мешітке келушілерге кеңесіміз: міндетті түрде маскамен келсе нұр үстіне нұр болады, дейді дін қызметкерлері.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
25.03.2020
3036
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру