Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ – ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі www.muftyat.kz 06.03.2020 5278 0 пікір
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ – ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Серікбай қажы Ораз Алматыдағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалды.

«Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры болып тағайындалсын», – делінген Бас мүфти бұйрығында.

Институт ұжымына Бас мүфти бұйрығын ҚМДБ Діни істер және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет оқып берді.

Айта кетсек, Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 2017-2020 жылдары төрағалық етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі