Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам түлектермен сұхбаттасты

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 27.02.2020 2229 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам түлектермен сұхбаттасты

Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Нұр-Мүбарак Ислам мәдениеті университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаевпен сұхбаттасып, Маңғыстау облысы бойынша Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан түлектермен арнайы кездесу өткізді.

Шарада Ақтау қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы Ақберді Сузақбаев, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Өмірбек Абдырханов, Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәмелі Есенова, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Біләлов, Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Досан Жеткізген, Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мейрамгүл Аманиязова, Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аманкелді Майлан облысымыздың діни ахуалына және теолог мамандардың тапшылығына тоқтала келе, жас мамандарды Маңғыстау өңіріне қызметке шақырды.

Сондай-ақ, қызмет етуге келген жас мамандарға еңбекақы мен үй мәселесі қарастырылатынын және еңбек жолында өсу мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Ашық форматта өткен кездесуде Әнуар Ізімбайұлы: «Аймақта діни әдебиеттерді саралайтын, медиа саласын меңгерген мамандар тапшы. Сондықтан осы салада қызмет етуді ниет еткен кез-келген өңір азаматына есігіміз ашық» деді.

Айта кетейік, бүгінде Нұр-Мүбарак университетінде Маңғыстау облысынан 80-нен астам шәкірт білім алуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру