Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Мешіт қызметкерлері жетімдер үйіне барды

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.02.2020 2713 0 пікір
Шымкент: Мешіт қызметкерлері жетімдер үйіне барды

Шымкент қаласы Жастар ісі секторы қызметкерлері қалалық №3 Жетімдер үйіндегі тәрбиеленуші бүлдіршіндермен кездесіп, «Жетім көрсең – жебей жүр» атты қайырымдылық шара өткізді.

Кездесуге Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев пен Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков бастаған еріктілер тобы мүшелері қатысты.

Кездесу барысында арнайы дастархан жайылып, балаларға асыл дініміз бен рухани құндылықтарымыз жөнінде түсіндірілді. Сондай-ақ, жас бүлдіршіндерге орталық мешіттің жас азаншысы Ақназар қажы Маратұлы мұсылманша азан айтып, есімін қойды.

Ал қалалық Әйел-қыздар секторының жетекшісі бастаған әйелдер қауымы кішкентай бүлдіршін қыздарымызға имандылық, әдептілік дәрістерін жүргізді.

Бұл шара аталған мекеме басшылығы тарапынан үлкен қолдау тауып, алдағы уақытта ай сайын тұрақты өткізілетін болып шешілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру