Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абдуғаппар Сманов Сырдария ауданында болды

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 18.02.2020 2915 0 пікір
Абдуғаппар Сманов Сырдария ауданында болды

Қызылордаға арнайы іс-сапармен келген белгілі теолог, «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Абдуғаппар Сманов Сырдария ауданы жұртшылығымен кездесті.

Абдуғаппар Шәкірұлы аудан орталығы Тереңөзек кентінде аудан халқына және қалалық «Нұр» мешітінде қала жамағатына отансүйгіштік, көркем мінез, дінді көркем насихаттау, бауырмалдық, бейбітшілік пен тұрақтылық, жат ағым жетегінде кетудің зардаптары тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Абдуғаппар Смановтың мұның алдында Қызылордадағы «Ақмешіт-Сырдария», «Айтбай», «Нұр» және Талсуат ауылындағы «Ерназар Мақсұм» мешіті жамағатымен жүздескенін хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру