Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абдуғаппар Сманов – Cыр өңірінде

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.02.2020 5407 1 пікір
Абдуғаппар Сманов – Cыр өңірінде

«Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры, Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Абдуғаппар Сманов Сыр өңірінің бас мешітінде уағыз айтты.

Қызылорда облысына арнайы сапармен келген Абдуғаппар Шәкірұлы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жамағатына «Мешіт – имандылық ұясы» тақырыбында уағыз айтып, мешіттің қадір-қасиеті мен әдебін түсіндірді.

Сондай-ақ Талсуат ауылындағы «Ерназар Мақсұм» мешіті, қалалық «Айтбай» мешіті және «Нұр» мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесті. Одан әрі Сырдария аудандық Мәдениет үйінде Тереңөзек кентінің халқымен кездесіп, сұхбаттасады.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Базарбай Бағлан Базарбайұлы | 16.02.2020 03:11

Тағы да келсе жақсы болар еді. Ма ша Аллаһ керемет уағыз болды. Бір керемет имани қуат алып қалдық.

Интернеттен уағыздарын көргенде ашулы, бетке айтатын адам көрінгенімен, тікелей алдында отырсаң нұрланған жүзіне тоймай қарап, тіпті қимай-қимай қоштастық.

Аллаһ ол кісіге, отбасына, тәрбиелеген ата-анасына екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! 

Администратор | 17.02.2020 12:38

Әмин! Алла разы болсын сіздерге де!