Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаназа рәсімінің тәртібі түсіндірілді

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.02.2020 2394 0 пікір
Жаназа рәсімінің тәртібі түсіндірілді

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Жаназаға жайлы не білеміз?» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Шараға мешітке тұрақты келіп жүрген жамағат пен «Екі айлық сауат ашу курсы» шәкірттері қатысты. Семинарда жаназа кезінде әрбір мұсылман адам қандай әрекет ету керектігі үйретілді.

Оның ішінде ауыр халде жатқан кісіні даярлау, адам қайтыс болғанда жасалатын бірінші амалдар, мәйітті жуу, кебіндеу, кебіннің түрлері, ер мен әйелді кебіндеудің айырмашылығы, жаназа намазы, мәйітті көтеру, жерлеу, қабірді зиярат ету жайлы мәліметтер берілді.

Екі күндік семинарды мешіттің наиб имамдары Мейрамбек Жетесов пен Бақберсін Ізбасаров өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру